Ақорданың Twitter-аккаунты әлемнің ең тез дамып жатқан үкіметтік парақшаларының тізіміне енді

23 Қыркүйек 2015, 11:58
0
Ақорданың Twitter-аккаунты әлемнің ең тез дамып жатқан үкіметтік парақшаларының тізіміне енді - @AkordaPress/Twitter.com
@AkordaPress/Twitter.com

Ақорданың Twitter желісіндегі @AkordaPress аккаунты әлемнің ең тез дамып жатқан үкіметтік аккаунттарының тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рейтингті Бірікккен Ұлттар Ұйымы өз микроблогында жария етті.

Тізімде жалпы 20 аккаунт бар. Бірінші орында Ауғанстан үкіметінің аккаунты орналасты, оның аудиториясы 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың наурызына дейін 293,6 пайызға артты. Екінші орынға Сауд Арабиясының үкіметі тіркеген аккаунты жайғасты, фолловерлер саны 215,4 пайызға артты. Үшінші орын Үндістанның аккаунты, аудиториясы 212,8 пайызға өсті. 

Ақорданың Twitter-аккаунты 16-орын алды. Бір жылға жетер-жетпес уақытта Ақорданың аккаунтына жазылушылардың саны 118,4 пайызға артты. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақорданың парақшасына 102 мыңнан аса адам жазылған. Аккаунт 2012 жылы тіркелді, содан бері онда 3 мыңнан аса хабарлама жарияланды.

Рейтингті көрулеріңізге болады:


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай