01 ақпан 2018 15:41

Ақпанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Консультативтік болжамға сәйкес ақпан қарлы, Атлантика аудандары мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуіне байланысты елдің солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, қар жауып, боран соғып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжанып отыр.

"Ауа температурасы: солтүстік жартысында түнде 25...35 аяз, күндіз 15...25 аяз; оңтүстік жартысында 10...20 аяз, күндіз 5...10 аязға дейін төмендейді. Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормаға жуық болады деп болжанады", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық және одан көп, ал қалған аумақта нормадан аз түседі деп болжанады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети