Синоптиктер 2019 жылдың ақпанында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылдың ақпанында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Ақпанның басында Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар алдымен батыста, одан кейін Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынның жаууына, тұман және көктайғақ қалыптасуына әкеп соғады", - делінген хабарламада.
6-8 ақпан аралығындағы кезеңде солтүстік және шығыс өңірлерде бұрқасынмен қатты жауын-шашын және жел секундына 15-25 метр дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының түсуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады:
Батыс, солтүстік-батыста түнде -3-8 градустан 0-5 градусқа дейін, кей жерлерде +3, күндіз 0-5 градустан 0+7 градусқа дейін;
Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28 градустан 0-10 градусқа дейін, күндіз -8-15 градустан -3+2 градусқа дейін, кей жерлерде -6 градусқа дейін;
Оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 0-8, кей жерлерде -13 градусқа -3+2 градусқа дейін, күндіз +2+7 градустан +5+12 градусқа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстан бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
Солтүстік бөлігінде түнде -10-20 градусқа дейін, күндіз -5-13 градусқа дейін;
Оңтүстік бөлігінде түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін.
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуы болжанады, онда ашық аязды күндер жиі жылы және жауын-шашынды күндермен алмасады.
Осылайша, орташа айлық ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1 градус жоғары, тек батыста климаттық мәндер шамасында болады. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, ал қалған аймақтарда норма шамасында болады.
Болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай, елеулі түзетулерге ұшырауы мүмкін консультативтік сипатқа ие.