"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстандағы ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Консультативтік болжамға сәйкес, елдің басым бөлігіне Иран аудандарынан оңтүстік және батыс циклондары жылы ауа массаларын алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстандағы ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Консультативтік болжамға сәйкес, елдің басым бөлігіне Иран аудандарынан оңтүстік және батыс циклондары жылы ауа массаларын алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, ақпанда күндізгі уақыттың ұзақтығы орташа есеппен 2-3 сағатқа артады. Оңтүстік өңірлерде орташа тәуліктік температура 0 градустан кейін оң мәндерге ауысады. Республиканың басым бөлігінде тұман және көктайғақ қаңтарға қарағанда жиі байқалады. Жауын-шашын мөлшері азаяды, тек Қазақстанның таулы аудандарында жаңбырдың түсуі артады.
Жауын-шашын көбіне елдің оңтүстік жартысында байқалса, солтүстік жартысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанды. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде бұрқасын болады. Ақпанда циклондар мен антициклондар жиі өзгеруі мүмкін.
Бірінші онкүндіктің ортасына қарай республика бойынша ауа температурасы жоғарылайды:
- батыста түнде - 5...+ 3 градусқа дейін, күндіз -2...+10 градусқа дейін;
- солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде 0...-10 градусқа дейін, күндіз
-5...+3 градусқа дейін; - оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -3...+ 5 градус, күндіз + 8...+15 градусқа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында антициклонның келуімен ауа температурасы төмендейді:
- Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде -15...-25 градусқа дейін, күндіз -10...-16 градусқа дейін;
- батыс, солтүстік-батысыта түнде -10...-18 градусқа дейін, күндіз -5...-12 градусқа дейін;
- оңтүстік аймақтарда түнде -7...-15 градусқа дейін, күндіз -5...+5 градусқа дейін.
Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы қайтадан көтеріледі. Солтүстікте күндіз 0...-7 градусқа дейін, оңтүстіктте +5...+10 градусқа дейін, оңтүстікте +15 градус.
"Алайда ауа температурасы айтарлықтай төмендеуі де мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі Таймыр аудандарынан суық ауа массаларының өтуі кезінде термометр бағандары түнде -20...-30 градусқа, күндіз -10...-18 градусқа, елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде -10...-18 градусқа, күндіз -7...-12 градусқа, ҚР оңтүстік жартысында түнде -7...-12 градусқа дейін, кей жерлерде -15...-20 градусқа, күндіз -2...-13 градусқа түсуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Синоптиктер бір айға арналған консультативтік ауа райы болжамы синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, онкүндік болжамдармен нақтыланып отыратынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!