Ақпанның аяғына дейін бензин бағасы қаншаға өседі: болжам жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпанның аяғына дейін бензин бағасы қаншаға өседі: болжам жарияланды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде алып тасталды. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, ол 30 қаңтар түн ортасында күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде алып тасталды. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, ол 30 қаңтар түн ортасында күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық жанармай қауымдастығының мәліметінше, реттеудің жойылуынан кейін 1 ақпаннан бастап мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілері бағаны көтерді. Бұл өзгеріс ай аяғына қарай бөлшек отын бағасына да әсер етпек.

"Ресурс иелері, соның ішінде жанармай нарығының 80 пайызын бақылайтын KC Energy Group пен "ҚазМұнайГаз" 1 ақпанда көтерме бағаны көтерді. Осылайша, ақпандағы жанармай көлемін бөлшек саудамен айналысатындар қымбат бағамен сатып алып жатыр. Орташа алғанда, АИ-92 бензині мен дизель отынының көтерме бағасы 1 литріне 4 теңгеге өсті. Тиісінше, ақпанның аяғына қарай, бұрынғы бағамен сатып алынған қорларға байланысты, жанармайдың бөлшек бағасы да 4 теңгеге көтеріледі", – деп түсіндірді қауымдастық.

Сонымен қатар, қауымдастық өкілдері бұл 4 теңгенің 80 пайызы, яғни 3 теңгесі, мемлекеттік бюджетке акциз ретінде алынатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети