Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақпарат және коммуникация министрі Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашты

19 Мамыр 2016, 11:19
0
© Facebook.com
© Facebook.com

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісінен парақша ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар! Фейсбуктегі бұл парақшаны мен жұмысыма байланысты ашып отырмын.

Бүгінде фейсбук-қоғамдастық қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің айнасына айналды. Ең маңызды әрі өзекті мәселелер осы жерде талқыланады. Сондықтан, мен сіздермен ұдайы байланыста болу арқылы ғана қоғамның тыныс-тіршілігінен толық хабардар болатыныма сенімдімін.

Біздің министрлікке ақпарат кеңістігін, телекоммуникация нарығы мен мемлекеттік қызмет көрсету секторын дамыту жөнінде маңызды міндеттер жүктелді.

Біз үшін әрбір Қазақстан азаматының жүргізіліп жатқан реформалар мен қабылданатын заңдардың мәнін түсінгені, ең өзекті мәселелерге қатысты сауалдарына мемлекеттен сапалы жауап алғаны маңызды.

Бұл жұмысты біз ашықтық пен есептілік сияқты ең басты қағидаттарды негізге ала отырып жүргізетін боламыз.
Ведомствомыз қазір ұйымдастыру мәселелерін шешіп жатыр. Таяу арада жоспарларымызды таныстырып, идеялар мен ұсыныстарды қарастыруға дайын боламыз. Ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін! Құрметпен, Дәурен Абаев", - деп жазды ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай