КТК, "31 арна" және "Отырар" телеарналары Ақтауда қаза болған сарбаздардың суретін жариялап жатыр. Олар 19 жастағы Бауыржан Жолдыбай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған.

Қатардағы жауынгер Бақытжан Қалыбай Мақат ауылынан. © ktk.kz
Бақытжан кәсіпкерлікпен айналысуды армандапты. © 31.kz
Қатардағы жауынгер Асылжан Махамбетов Құлсары қаласынан, әскерден кейін полицияға жұмысқа тұрғысы келген. © ktk.kz
Қатардағы жауынгер Бауыржан Жолдыбай Чапаевка ауданынан. © otyrar.kz
Бауыржан кикбоксингтен спорт шеберіне кандидат болған. © otyrar.kz
Бір жыл бұрын жігіт мектепті бітірген, арнайы қызмет сарбазы болған. Қайғылы оқиғаға бір күн қалғанда ол анасына хабарласып, үйге қайтуға билет алып қойғанын хабарлаған. © otyrar.kz
Қатардағы жауынгер Замир Әділов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан. © vk.com
© vk.com
© vk.com
Замирдың туған туыстары "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жігіттің суреттерінен тұратын шағын видеоролик жасапты.
Еске салайық, осыған дейін Ақтауда төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кеткені хабарланды. Ақтауда өтіп жатқан "Орталық-2015" оқу-жаттығуының "Орта Азиялық стратегиялық бағытта жауынгерлер тобының операция жүргізуі" екінші кезеңінде ("Оймаша" полигонынан 5 шақырым қашықтықта) "теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою" эпизодын орындалып жатқан. Алайда төрт машина 150 метрге дейін барып, су астына кеткен.
Төтенше оқиға жаттығуды бақылап отырған тілшілердің көз алдында болды. Алайда көпшілік ақпарат құралдары БТР-лардың су астына кеткенін жаттығу аясындағы әрекет деп ойлап қалған. Қаза болғандардың демобилизациясына бір ай ғана уақыт қалыпты.