20 наурыз 2014 | 21:28

Ақпараттық жүйені бұзғандар 10 жылға сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қылмыстық кодекстің жаңа жобасына сәйкес, ақпараттық жүйені бұзғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қылмыстық кодекс жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан Әбдіровтың Tengrinews.kz тілшісіне айтқанындай, ол заң жобасына ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін сақтауға қатысты жаңа баптар енгізілген. Нақтырақ айтқанда, ол заңның бір бабында ақпараттық жүйе мен ақпаратты-коммуникациялық желіге заңсыз кіргендер 300-ден 2000-ға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, қоғамдық жұмыстарға жегіліп, уақытша жауапты қызметтерді атқару құқығынан айырылады, - деп көрсетілген. Ал ол заңның "Ақпараттық жүйе мен ақпаратты-коммуникация желісінің жұмысын саналы түрде тоқтату" деп аталатын бабына сәйкес ақпараттық жүйлердің жұмыс істеуіне кедергі келтіргендер топтаса әрекет еткен болса, ондай адамдарға 4000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады деп көрсетілген. Ал мұндай қадамға қылмыстық топтар барған болса, ондай топ мүшелері 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға тоғытылады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети