АҚШ елшілігінің өкілі санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ елшілігінің өкілі санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты Фото:elements.envato.com

АҚШ елшілігінің өкілі Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ елшілігінің өкілі Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Украинадағы жағдай қарқынды дамып келеді, сондықтан қазіргі уақытта ұзақ мерзімді шаралар мен олардың салдары туралы айту қиын. Алайда АҚШ санкциялары Ресей экономикасына бағытталған және басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның да экономикасына әсері барынша аз болатындай қарастырылған.

30 жылдық әріптестігімізді ескеріп, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және нығайтуға көмектесуге дайынбыз", - деді АҚШ дипломатиялық миссиясы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге, соның ішінде медиация қызметін қоса алғанда, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.

"Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды қажеттілігіне негізделуі керек. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізген ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбейтін қағидатын ұстанамыз. (...) Минск келісімдері қағаз жүзінде қалып, Украина аумағындағы әскери операцияларға әкелді. Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда ушығып кетті. Біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, келісімге келуге шақырамыз. Басқа амал жоқ. Жақсы жанжалдан жаман татулық артық", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети