25 қараша 2022 | 15:03

АҚШ елшісі Алматыдағы биозертхана төңірегіндегі қауесетке қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Алматыдағы биозертхана төңірегіндегі қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Алматыдағы биозертхана төңірегіндегі қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей мен Беларусь Алматыдағы биолаборатория туралы жиі айтады. Олардың пікірінше, биоқару жасалып жатыр. Бұл туралы пікір білдіре аласыз ба" - деп сұрады журналист елшімен кездесуде.

"АҚШ-тың Қазақстанда және бұл аймақта кейінгі 30 жылда жасаған барлық ісі Үкіметпен серіктестікте және олардың рұқсатымен өтіп жатыр. Әрине (келісімдер бар - еск.) жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы да. Ал бұл - арандатушылар тарапынан жасалып жатқан шабуылдар. Олар Қазақстанның да, басқа да елдердің үкіметтерін алдауға болады деп ойлайды. Менің ойымша, бұл Қазақстанды ғана емес, Грузия, Украина және басқалардың да үкіметін қорлайды. Бұл - әлемдік тәжірибе, қазір барлығы жаппай қаруды таратпаумен айналысады", - деп сендірді Розенблюм.

Айта кетейік, кейінгі жылдары шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде АҚШ-тың биозертханасында биологиялық қару жасап жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Осы және басқа да қауесеттерді factcheck.kz порталының сарапшылары жоққа шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети