03 мамыр 2016 14:37

АҚШ елшісінің еліміздің өңірлерін неліктен аралағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері әлеуметтік желілерде таралып жатқан қауесетке байланысты пікір білдірді. Желіде "Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірінде болып жатқан наразылық акцияларын АҚШ-тағы мүдделі топ ойластырған, олар қазақстандық белсенділерді АҚШ-тағы ұйымдар арқылы қаржыландырып отыр" деген қауесет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері жаңалықтарды күн сайын оқиды, мұндай жосықсыз тұжырымдарды біледі, бұл ойдан құрастырылған", - делінген жауапта. Бұл жауапқа АҚШ елшілігінің бірінші хатшысы Дэвид Гамблдың қолы қойылған. 

Сонымен қатар, елшіліктегілер АҚШ елшісі Джордж Кролдың Қазақстанның наразылық акциялары өткен өңірлеріне пойызбен барғаны көрсетілген инфографияға қатысты пікір білдірді.  

 "АҚШ елшісінің сапары бағдарламасы транспарентті болды - ол Атырау мен Ақтау қалаларының әкімдерімен кездесті. Бұл кездесулер елдер арасындағы байланыстың орнауына 25 жыл толуына, инвестицияларды көбейтуге, сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Ұлт жоспары - бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" бағдарламасына байланысты жоспары туралы болды. АҚШ елшісі Ақтау портына барды, мұнай және газ кен орындарына, осы қалалардағы халықаралық мектептерге барды, Атыраудағы кітапханаға барды, Маңғыстау облысындағы Бекет ата, Шопан ата мешіттеріне барды", - деп хабарлады америкалық елшіліктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети