АҚШ федералдық соты Ілияс Храпуновты кінәлі деп таныды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ федералдық соты Ілияс Храпуновты кінәлі деп таныды

Нью-Йорктегі федералдық сот Ілияс Храпуновты кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорктегі федералдық сот Ілияс Храпуновты кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 6 тамызда АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша Округтік соты дәлелдемелерді зерттеу арқылы өткен тыңдау қорытындысында талапкерлер – Алматы мен "БТА Банк" АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп таныды.

"Бұған дейін қабылданған $221,285.31 төлеу жөніндегі міндеттемеге қоса, федералдық судья Джон Г. Кёлтл Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты түрде есеп беруді міндеттеген соттың нақты әрі айқын бұйрығын бұзғанын анықтады. Мұндай есептерді ұсыну міндеті оған бұрын сотты құрметтемеу айыбы бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін жүктелген болатын", - делінген хабарламада.

Жаңа сот шешіміне сәйкес, Ілияс Храпунов өз активтері және оған қарсы шығарылған сот шешімдерін орындау үшін ақша алуға жасалған әрекеттер туралы толық мәліметті тұрақты түрде ұсынуға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда оған қосымша қаржылық санкциялар қолданылуы мүмкін.

"Сондай-ақ, Ілияс Храпунов Алматы мен БТА Банкке сотты құрметтемеуі салдарынан келген шығындарды өтеп беруге тиіс".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети