19 шілде 2022 | 11:35

АҚШ Қазақстанға қылмыстық активтерді қайтаруға көмектесуге дайын

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қазақстан Бас прокуратурасының делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Бас прокуратурасының делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сұрау салуларды электрон форматта беру, киберқылмыспен күрес саласында тәжірибе алмасу, сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылаған.

"АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендеріне сендірді", - делінген хабарламада.

Тараптар бірлескен күш-жігермен ғана трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады деген өзара пікірге келгені айтылды.

Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік банктің StAR Initiative (Ұрланған активтерді қайтару бастамасы) жобасының өкілдерімен кездескен.

"Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды. Банк өкілдері қазақстандық тараптың бұл бастамаларын қолдады", - делінген хабарламада.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогқа қанағаттанушылық білдірді және одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгілегені айтылды.                                      

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети