Қазақстан мен АҚШ арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл - АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен қол қойған осы сипаттағы алғашқы келісімі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-қа барған сапарында Американың бас прокурорының орынбасары Брюс Шварцпен кездесіп, зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет жасау бойынша өткен саммит жөнінде пікір алмасты.
"Тараптар ведомствоаралық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан және АҚШ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізуге дайын екенін білдірді. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қою Дауылбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарының қорытындысы болды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Дауылбаев келісімге қол қоюдың Қазақстан-Америка құқықтық ынтымақтастығын нығайтудағы, қылмыспен күресудегі екі елдің күштерін жұмылдырудағы тарихи маңызды әрі елеулі оқиға екенін атап өтті. Келісімге қол қою, екі елдің ішкі мемлекеттік рәсімдері аяқталған соң, қазақстандық және америкалық уәкілетті органдардың тергеу, қылмыстық қудалау және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу саласында, сонымен қатар қылмыстық істерге қатысты тексерулер жүргізу бойынша бір-біріне белсенді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.