АҚШ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуін қолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуін қолдайды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Нью-Йоркте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескеннен кейін Америка Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуын қолдайды деп мәлімдеді, бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, мемлекеттік хатшы Керри Қазақстанның түбінде Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болатынына нық сенім білдірді. Керри, сонымен бірге, "АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және оның әлемдік аренада қалыптасып келе жатқан көшбасшылық қасиеттерін қолдайды" деп мәлімдеді. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қандай жайттың қауіп төндіруі мүмкін екенін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы нақтыламады.

Ерлан Ыдырысов пен Джон Керри аймақтық және ғаламдық мәселелерді шешудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Кездесу Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының алаңында өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети