АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу АҚШ Қазақстанмен ары қарай серіктес болып, жасыл экономикаға көшуде ынтымақтасуға ниетті екенін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу АҚШ Қазақстанмен ары қарай серіктес болып, жасыл экономикаға көшуде ынтымақтасуға ниетті екенін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен Нұр-Сұлтанға 21 жыл бұрын келгенмін, ол кезде әлі Астана еді. Мен шетелдік ретінде елдің дамуында ғана емес, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста да орасан зор ілгерілеушілік барын көріп отырмын", - деді Дональд Лу кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның шолу отырысында.
Ол АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елдер экономиканың әртүрлі саласында, әсіресе мұнай-газ секторында өте белсенді.
"Осы 30 жылда біз 37 миллиард доллар инвестиция салдық. Біз болашақта Қазақстанмен серіктес болғымыз келеді, жасыл экономикаға көшуге атсалысқымыз келеді. Жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салғымыз келеді. Жел, күн энергиясына және гидроэнергетикаға. Елдеріміз тарихта ең берік қарым-қатынасқа ие. Қазір COVID-19, жаһандық жылыну, Ауғанстандағы дағдарыс сияқты кейбір қиындықтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Америка Құрама Штаттары көп жыл бойы Қазақстанмен сенімді серіктес болып қала береді деп сенемін. Мен осында болып, сіздермен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатқаныма қуаныштымын", - деп түйіндеді сөзін Дональд Лу.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік (CRSP) комиссиясының кезекті шолу отырысы өтіп жатыр. Оған сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!