Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мәселе күрделі және маңызды - санкциялар әсері. Әрине, елдерімізде терең интеграция, ең ұзын құрлық шекарасы болғандықтан, санкциялар әсерінен тыс қала алмаймыз. Сондықтан бұл тіпті баға саясатына, дүкендердегі жағдайға қалай әсер ететінін көруге болады. Үкімет АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Осы орайда икемділік және ынтымақтастыққа дайындық үшін алғысымды білдіремін", - деді Ақан Рахметуллин Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі бұған дейін мүдделі тараптар арасында келіссөздердің бірнеше раундын ұйымдастырған. Келіссөздерге мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП өкілдері, АҚШ тарапынан елшілік, Мемлекеттік департамент және басқа да ведомство өкілдері қатысқан.
"Консультация барысында біздің тарапқа санкцияларға байланысты жауаптар берілді. Америкалық тараптан өзара тәуелді нарық, өзара тәуелді экономика туралы түсінік бар. Америкалық тарап бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін жеңілдету үшін барынша тырысып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!