08 желтоқсан 2016 12:20

АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүріп жоғалған студент табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүріп жоғалған студент табылды. Оның байланыс телефондары әкесіне берілді. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жүріп жоғалған студент табылды. Оның байланыс телефондары әкесіне берілді. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Еліковке қатысты нақтыланбаған ақпарат тараған. Әкесі ұлымен хабарласа алмай отырғанын айтқан. Баласын біз таптық. Ол Америкада емін-еркін тұрып жатыр. Қайда тұратынын және ұялы телефон нөмірін әкесіне бердік", - деді Жанболат Мелдешов.

Еске салайық, осыған дейін "Болашақпен" Америкаға оқуға кеткен өскемендік жігіттің ұшты-күйлі жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. "Соңғы рет ол маған 2011 жылы телефон соқты. Мені 8 наурыз мерекесімен құттықтаған болатын. Содан бері ұлымнан хабар жоқ. Жазбаған жеріміз, кірмеген есігіміз қалмады. Бірақ бірде-бір мемлекеттік орган ұлымды тауып беруге күш салып жатқан жоқ", - деген еді Ержанның анасы. 

"Болашақпен" кеткен Ержанның жоғалғанына осымен бесінші жыл. Жалғызынан көз жазып қалған әкенің жазбаған жері қалмаған. Артынан АҚШ-қа өзі іздеп барайын десе, қалталарында қаржы жоқ. Қарапайым металургтың тапқан табысы, шетел асуға жетпейді. Одан қалды отбасы қазір далада қалған. Өйткені жалғыз пәтерін "Болашақтағылар" оқудың өтемақысы ретінде сот арқылы тартып алған. Тағы 20 миллион теңге қарыз артып қойған. Бірақ Еліковтер отбасы баспанасын алған "Болашақ" бәрінен бұрын баламызды қайтарса дейді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети