21 желтоқсан 2017 | 10:17

АҚШ-та ДАИШ ұйымына қатысы бар қазақстандық 15 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсеткені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нью-Йорк штатының Шығыс округінің прокуратурасының сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсеткені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нью-Йорк штатының Шығыс округінің прокуратурасының сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бруклин федералды сотының судьясы Уильям Кунц "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына материалдық көмек көрсетпек болғаны үшін Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовты 15 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Сайдахметовтың ДАИШ ұйымына кірмек болғаны белгілі болды.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан азаматы жазасын өтегеннен кейін АҚШ-тан шығарылады.

Ал прокуратураның мәліметінше, қазақстандық 22 жастағы жігіт  Нью-Йорк аумағында тұратын басқа да бірнеше адамдармен келісімге келген. Оларға да (Өзбекстанның төрт азаматы) осы сипаттағы айыптар тағылып отыр. 

Айта кетейік, Ахрор Сайдахметов  2015 жылдың ақпан айында Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда ұсталған болатын. Ал АҚШ билігіндегілер оның Түркияға бағыт алған ұшаққа отырып, ары қарай Сирияға кетпекші болғанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети