11 наурыз 2017 | 09:51

АҚШ-та жоғалған қазақстандық дәрігер "қашып кетуінің" себебін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрбол Данияров © Facebook Нұрбол Данияров © Facebook

АҚШ-та бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен қазақстандық дәрігер Нұрбол Данияровты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алматылық гинеколог шетелге біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша кеткен. Алайда Қазақстанға қайтуға дейін ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен қазақстандық дәрігер Нұрбол Данияровты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алматылық гинеколог шетелге біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша кеткен. Алайда Қазақстанға қайтуға дейін ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әлеуметтік желі қолданушылары осымен бірнеше күн бойы жоғалып кеткен дәрігер жайлы хабарламаны талқылап жатыр. Телеарнаның мәліметінше, Нұрбол Данияровты іздестіруге шетелдік әріптестері мен Американың полицейлері жұмылған. Ал кейінірек қазақстандық жігіт байланысқа шығыпты. Осылайша оның бөтен елде жүре тұруды шешкені белгілі болды. 

Телеарна тілшілері біліктілікті арттыру курстарының ұйымдастырушыларын таба алды. Нұргүл Салиеваның айтуынша, Данияров расында да үйге қайтатын кездің алдында жоғалып кеткен. "Таңертең Нұрболдың неліктен таңғы асқа келмей жатқанын түсіне алмадық. Содан оны іздей бастадық, бөлмесінде болмады. Полицейлерді шақырдық. Оларға "Бөлмедегі заттарды қараңыздаршы" деп айттық. Сонда ғана біз Нұрболдың өзімен бірге киімдерін де алып кетіп, қашып кеткенін түсіндік", - деп келтіреді телеарна тілшілері ұйымдастырушының сөзін.

Нұрбол мен оның үш әріптесінің АҚШ-қа 25 ақпанда келгені белгілі болды. Олар екі апта бойы америкалық хирургтардан білім алған. Сондай-ақ, алматылық дәрігерлердің Қазақстанға келген соң балалар үйіндегі науқастарды емдеуі керек болғаны айтылады.

"Алайда тренингтердің аяқталуына бір күн қалғанда дәрігерлердің бірі Қазақстанға қайту туралы ойнынан айнып қалды. Нұрбол қашып кетпес бұрын Ричмонд-Чикаго автобусына билет алып қойған болып шықты. Оның мұны алдын ала ойластырғаны түсінікті болып тұр", - деді Салиева.

Ал Данияровтың өзі бұл әрекетінде ешқандай ерсілікті көрмейтінін айтады. "Мен қашқан жоқпын, мен ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін. АҚШ-қа келе салысымен барлық ақшаны атқарушы директорға бердім. Біз тіпті ол компаниямен еңбек шартына отырмағанбыз. Олардың маған деген қарым-қатынасы мүле ұнамады. Осында келгенге дейін басқа дүние, ал келген соң басқа дүниелер айтылды. Сенбеңіздер, мен ешкімді алдаған жоқпын, елімді, Отанымды алдаған жоқпын", - деді Данияров телеарнаға берген сұхбатында. Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, ол барып-қайтуына билетті өзі сатып алған. 

Данияровтың айтуынша, оған жала жапқан. Дәрігер қазіргі уақытта еңбек демалысында екен және жақында Қазақстанға оралмақ. Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети