14 наурыз 2017 | 16:56

АҚШ-та "жоғалып кеткен" дәрігер Қазақстанға наурыздан қалмай оралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрбол Данияров Нұрбол Данияров

АҚШ-та "жоғалып кеткен" қазақстандық дәрігер Қазақстанға наурыз айының соңында қайтып келуге уәде берді. Бұл туралы Нұрбол Данияров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та "жоғалып кеткен" қазақстандық дәрігер Қазақстанға наурыз айының соңында қайтып келуге уәде берді. Бұл туралы Нұрбол Данияров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Данияровтың айтуынша, ол Америкада қалайын деп жатқан жоқ. "Иә, мен қайтып келемін. Қазір еңбек демалысында жүрмін. Мен ешкімді алдаған жоқпын. Демалып жатырмын. Нью-Йорктегі достарымның үйіндемін. Еңбек демалысым 25 наурызға дейін. Мүмкін 20-22 наурызда келермін", - деді қазақстандық дәрігер.

Сондай-ақ, ол АҚШ-қа медицина саласындағы аудармашы болып барғанын айтты. "Мен хирург емеспін, мен тек бір топ дәрігермен онда аудармашы болып бардым. Себебі олар ағылшын тілін жақсы білмейді, содан менен медициналық терминдерді аударып жүруімді сұрады. Біз ол компаниямен ешқандай еңбек шартына отырған жоқпыз. Олар қазір әлеуметтік желілерде мені дәрігер ретінде шақырғандарын және менің онда біліктілігімді арттыру үшін барғанымды айтып жатыр. Виза мен билеттің ақшасын өзім төледім - оған шамамен 1,5 мың доллар кетті", - деді Нұрбол Данияров.

"Америкаға дейін басқаша, Америкадан кейін мүлде басқаша болды. Тренинг ұйымдастырушысы да өзін басқаша ұстай бастады. Кейбір дүниелер тіпті күдік туғызды. Мен сұрақтар қоя бастағанда, маған айғайлай бастады. Содан мен оларға алдағы жобаға қатысудан бас тарттым. Мен оның алдында жауап беруге міндетті емеспін. Әлі есеңгіреп жүрмін, тамақ та дұрыс іше алмаймын, ұйықтаудан да қалдым. Мен кінәлі емеспін. Мені бүкіл елге "халық жауы" етіп көрсетті!", - дейді Данияров.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та жоғалған қазақстандық дәрігер "қашып кетуінің" себебін айтып берген болатын. "Мен қашқан жоқпын, мен ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін. АҚШ-қа келе салысымен барлық ақшаны атқарушы директорға бердім. Біз тіпті ол компаниямен еңбек шартына отырмағанбыз. Олардың маған деген қарым-қатынасы мүле ұнамады. Осында келгенге дейін басқа дүние, ал келген соң басқа дүниелер айтылды. Сенбеңіздер, мен ешкімді алдаған жоқпын, елімді, Отанымды алдаған жоқпын", - деген еді Данияров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети