04 қараша 2019 | 08:49

АҚШ-та қаза тапқан қазақ баласының өлім себебі аталды

Дэвин Айсұлу Тэкабари

АҚШ-та қаза тапқан 17 жастағы Дэвин Айсұлу Тэкабаридің өкіл әкесі оның өлім себебін атады, - деп хабарлайды "Астана"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та қаза тапқан 17 жастағы Дэвин Айсұлу Тэкабаридің өкіл әкесі оның өлім себебін атады, - деп хабарлайды "Астана"

Айсұлуды бір жасында Қостанайдан америкалық жұп асырап алып, АҚШ-қа әкеткен. Бұл 2002 жыл еді. Бала ол кезде көйлек киген, сурет салып, домбыра үйірмесіне қатысқан. Жасөспірім шағында Айсұлу Дэвин болды - трансгендер болып, ЛГБТ белсендісіне айналған. 

Реклама
Реклама

"Ұл болғысы келетінін айтты. Бірақ ол физикалық тұрғыда трансгендер емес еді. Біз таңғалдық. Бірақ қолдау білдірдік", - деді асырап алған әкесі Уэйн Тэкабари. 

Ер адамның айтуынша, соңғы үш жылда ол өте қиын балаға айналған. 

"Тіпті клиникада жатып, эмоциясын басқаруды үйренді. Оның үстіне бір жігітке сезімін білдіріп, бірақ махаббатқа бөлене алмағаны үшін қиналған. Жаңадан барған жоғарғы мектепте қысымға тап болды. Нәтижесінде өзіне қол салды. Суицид жасады", - деді ол.

АҚШ-та көз жұмған қазаққа қатысты тың деректер шықты

Дэвин Айсулу Тэкабари 1 қыркүйекте Уэст-Тисбери деген қаладағы үйінде қайтыс болған. ҚР СІМ өкілдері оның өлім себебін сол күйі айтпады. Негізі шетелдіктер асырап алған балалардың заң бойынша қос азаматтығы болады және ол қазақстандық консулдың бақылауында болған. Дэвин - соңғы 20 жылда шетелдіктер асырап алған 9 мың баланың бірі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная