30 қазан 2019 09:21

АҚШ-та көз жұмған қазаққа қатысты тың деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та көз жұмған қазаққа қатысты тың деректер шықты. "Астана" телеарнасының сюжетіне сенсек, ол трансгендер болған. Алайда, оның қазасының себебі айтылмай отыр.


АҚШ-та көз жұмған қазаққа қатысты тың деректер шықты. "Астана" телеарнасының сюжетіне сенсек, ол трансгендер болған. Алайда, оның қазасының себебі айтылмай отыр.

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Шын есімі - Айсұлу. Оны 1 жас 2 айлық шағында америкалық отбасы бауырына басыпты. Зерек бала кішкентайынан гимнастика, би және сурет салумен айналысқан. Фото саласында ұлттық марапаттарға ие болған. "Қысқа ғана ғұмырында үлкен жетістікке жеткен жігіт жайында шетелдік басылымдар жарыса жазды. АҚШ-қа Диана деген жаңа есімді алып кеткен өрімдей қыздың, кейіннен қалайша Дэвинге айналып кеткені белгісіз", - дейді телеарна журналистері.

Сонымен қатар, журналистер асырап алынғанға дейін баланы асыраған "Дельфин" сәбилер үйін де тауыпты. Директоры Өмірбек Байкеов баланың АҚШ-қа кеткеніне көп уақыт өткенін айтқан. Бала жайында мәлімет білу үшін ол аривті көтерген.

"Архивті ақтарып отырып, оның бізге 1 айлық кезінде түскенін анықтап отырмыз. Оны 2002 жылдың 10 желтоқсанында оны асырап әкетті. Денсаулығында еш ауытқу болмаған. Біздің балалардың барлығының да дені сау", - дейді ол.

Еске салайық, Дэвин Айсұлу Такэбери АҚШ-тың Уэст-Тисбери қаласында (Массачусетс штаты) қайтыс болған. 17 жастағы бала 1 қыркүйекте өз үйінде қаза тапқан. Алайда бұл туралы ақпарат енді ғана жария болған. Өлім себебі айтылмай отыр. Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келген. Оны 14 айлық болған кезінде АҚШ азаматтары Уэйн және Кэтлин Тэкаберилер асырап алған. Жасөспірім орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген кезінде қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети