АҚШ-та Қазақстан азаматының жұмбақ жағдайда жоғалуы: мәйіт табылды

АҚШ-та Қазақстан азаматының жұмбақ жағдайда жоғалуы: мәйіт табылды Фото: threads.com/@bostonglobe

АҚШ-та табылған мәйіт бұған дейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматына тиесілі болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ-та табылған мәйіт бұған дейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматына тиесілі болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, жаңартылған ақпарат министрліктегі брифингтің алдында ғана СІМ-ге келіп түскен.

"Өкінішке қарай, брифинг алдында ғана АҚШ-тағы әріптестерімізден соңғы мәліметтер келіп түсті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзыретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алғанын хабарлаймын. Қазіргі уақытта Америка тарапы қажетті процедураларды жүргізіп жатыр. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Ерлан Жетібаев.

Жарнама
Жарнама

Ол сөз болып отырған азаматтың Чикагода тұрғанын айта кетті. СІМ Америка тарапынан ресми мәліметтердің келуіне қарай қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде АҚШ-та осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. 24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол соңғы рет 2026 жылдың 2 маусымында байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Оның құжаттары мен банк карталары үйінде қалған.

Кеше Қазақстан СІМ азамат Әсет Құралбайдың Чикагода жоғалып кетуіне қатысты жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен байланыста болып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама