03 шілде 2014 16:59

АҚШ-та өгей ата-анасынан зардап шеккен бала Алматыда туылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Константин Тиссен. ©Ktk.kz Константин Тиссен. ©Ktk.kz

Америкадағы өгей әке-шешесі қамауда ұстады делінген Костя Тиссен Алматыдағы балалар үйлерінің бірінен асырап алынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің Tengrinews.kz-тің ресми сауалына қайтарған жауабында айтылады.


Америкадағы өгей әке-шешесі қамауда ұстады делінген Костя Тиссен Алматыдағы балалар үйлерінің бірінен асырап алынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің Tengrinews.kz-тің ресми сауалына қайтарған жауабында айтылады.

Еске салайық, кезінде Қазақстаннан асырап алынған жігіттің басындағы оқиға туралы маусым айының соңында мәлім болған еді. 22 жастағы Костя Тиссенді полиция көрші үйге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұстағаннан кейін ол ата-анасының үстінен шағымданған.

Жас жігіт ішкиімдер мен журналдарды ұрлады деп айыпталды. Тиссен мұндай қадамға ұзақ уақыт бойы үйде қамауда отырғаннан кейін барғанын айтты. Өгей әке-шешесі баланы жуынып, психологқа баруы үшін аптасына бір-ақ рет босатып тұрған. Асырап алушылардың айтуынша, олар өзге балаларының қауіпсіздігін ойлап, Костяны қамауда ұстауға мәжбүр болған. Костя Қазақстанда болған кезінде зорланған, кейін Америкаға келгеннен кейін оның өзі өзге балаларға жыныстық зорлық көрсете бастаған. 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің өкілдері болса, "Бала кезінде зорланды дегенді растайтын мәлімет жоқ" деп хабарлады. Ведомство өкілдері ҚР СІМ консулдық қызмет департаментіне және Астанадағы АҚШ елшілігіне сұрау салған.

Комитет мамандарының айтуынша, америкалық ерлі-зайыпты асырап алған бала 1996 жылы Алматы аялдамаларының бірінен табылған. Оның ата-анасы жөнінде мәлімет жоқ. Костя бес жасында балалар үйіне жіберілген. Содан кейін Алматы қалалық психологиялық, медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде оған көмекші мектеп-интернатта оқу ұсынылды. Костяны америкалықтар 2004 жылы асырап алды.

"Асырап алынған кезде баланың "ақыл-ойының резидуал-органикалық фондағы сәл артта қалушылығы", "церебрастениялық синдром", "шыжың" деген диагноздары болды. Мінездемеден оның мейірімді, елгезек екені анықталды. Сонымен бірге, қамкөңіл, кінәмшіл екені, өзін төмен санайтындығы белгілі болды, өзгенің ықпалына тез берілетін", - дейді комитет мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети