26 ақпанда Белфэйр (Вашингтон штаты) қаласында өгей шешесі Лана Карлсонмен бірге өлтірілген жасөспірімдер Қазақстанда асырап алынған болып шықты. Бұл туралы мәліметті РИА Новости басылымына қаза болған әйелдің сіңлісі Джейми Нокула растады.
26 ақпанда Белфэйр (Вашингтон штаты) қаласында өгей шешесі Лана Карлсонмен бірге өлтірілген жасөспірімдер Қазақстанда асырап алынған болып шықты. Бұл туралы мәліметті РИА Новости басылымына қаза болған әйелдің сіңлісі Джейми Нокула растады.
"Мен қазіргі уақытта сіңлім Лананың өлтірілген екі жасөспірімді Қазақстанда асырап алғанын айта аламын", - деді ол. - Қазір қайғы жамылдық, сұмдық оқиғаларға сене алмай отырмыз және жеке өмірімізге құрметпен қарасаңыздар екен".
Осыған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі балалардың қайда асырап алынғанын анықтап жатқанын хабарлаған еді.
Еске салайық, жұма күні, 26 ақпанда Белфэйр қаласының 51 жастағы тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің 49 жастағы әйелі Лана Карлсонды және асырап алған ұлдарын атып тастаған болатын. Олар 18 және 16 жастағы Тори мен Куинн. Осыдан кейін ер адам көшеге шығып, өз-өзін атқан. Көршілері жасөспірімдердің бір-бірімен орысша сөйлесетінін, сондықтан да Ресейде асырап алынған деп есептеп келгендіктерін айтып берген.
© AP
© AP
Оқиға орнының маңында тұрған арнайы жасақ көлігі. © AP
© AP
Ал америкалық Komo News басылымы Тори мен Куиннің және олардың өгей шешесі Лана Карлсонның суретін жария етті.
Тори Карлсон 18 жаста еді. © komonews.com
Ол аспаз оқуын оқып жүрген еді. © komonews.com
Мына суретте Тори інісі Куиннмен. © komonews.com
Лана Карлсон балаларын Қазақстанда асырап алған © komonews.com
Басылымның мәліметінше, Дэвид пен Лана бес жыл бұрын отау құрыпты. Әйелінің бірінші күйеуі қатерлі ісіктен көз жұмыпты. Тори жергілікті колледжде аспаз оқуын оқыған. Көктемде ол оқуын аяқтауы тиіс еді.