Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі құзырлы аппарат 26 ақпанда Вашингтон штатындағы Белфэйр қаласында атып өлтірілген қазақстандық жасөспірімдердің асырап алынуы жөнінде мән-жайды анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мекеменің мәліметінше, 16 және 18 жастағы жасөспірімдерді Қазақстаннан АҚШ азаматтары асырап алған. Дегенмен олар Қазақстан консулдығына есепке тұрмаған болып шықты.
"Осыған байланысты олардың асырап алынуы жайлы толығырақ анықтау керек. Қаза тапқандардың үлкені 18 жасқа толғандықтан, ол қай елдің азаматы болғысы келетінін өзі таңдауы керек еді. Дегенмен оның біздің елдің азаматтығынан айырылғанды жөнінде әзірше анықтау мүмкін болмады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
"Болашақта біздің елдің азаматтары мұндай жағдайға тап болмас үшін бұл жағдайды мұқият сараптау керек", - деді олар.
Еске салайық, жұма күні, 26 ақпанда Белфэйр қаласының 51 жастағы тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің 49 жастағы әйелі Лана Карлсонды және асырап алғанын ұлдарын атып тастаған болатын. Олар 18 және 16 жастағы Тори мен Куинн. Осыдан кейін ер адам көшеге шығып, өз-өзін атқан. Көршілері жасөспірімдердің бір-бірімен орысша сөйлесетінін, сондықтан да Ресейде асырап алынған деп есептеп келгендіктерін айтып берген.
Кейін олардың Қазақстанда асырап алынғаны анықталды.