29 ақпан 2016 | 18:58

АҚШ-та өлтірілген қазақ балаларын ешкім асырап алғысы келмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та өлтірілген жасөспірімдер Ақмола облысынан асырап алыған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та өлтірілген жасөспірімдер Ақмола облысынан асырап алыған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының өкілдері Ақмола облысындағы Щучинск аудандық сотының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі шешімімен Тимур Көктиевтің (Тори) және Дамир Әбдрахмановтың (Куинн) асырап алынуы туралы құжатты ұсынды. "Карлсон Терри Уильям мен Карлсон Лана Джейн (...) әрқашан көп бала асырап алуды армандап келгендігін айтып, сотқа өтініш жазған, олар балалардың ұлтына мән бермейтінін айтқан. Осы мақсатта олар Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Консулдығына есепке тұрып, Щучинсктегі Балалар үйіне барған", - делінген құжатта. Олар екі баланы таңдап алған, кейін жергілікті білім басқармасына балаларды асырап алу жөніндегі өтініш жазған. 

Сот барысында отбасының отағасы сол уақытта некеге тұрғандарына үш жыл болғанын, бірақ денсаулық жағдайларына байланысты бала таба алмағандарын айтады. Мұнымен қатар, олар Қазақстаннан бала асырап алу туралы тек жағымды сипаттамалар естіп, осыған байланысты осы елді таңдағандарын мәлімдеген. Бұдан кейін америкалықтар екі апта бойы балаларға барып жүреді. "Карлсондар отбасының жағдайы жақсы болды. Жаұяның қаржы жағдайы тұрақты әрі жылына 63 мың доллар табыс табады, жинақтары бар, медициналық сақтандырулары да бар, оны балалар да қолдана алатын болған. Өздерінің жеке үйлері болған және жер телімі бар", - делінген соттың шешімінде.

Мұнымен қатар, Карлсондар балаларды дереу асырап алуға өтініш жасаған, себебі олардың жұмысы болған және олар балалардың психологиялық жағдайына уайымдаған. Америкалықтар балаларға қажетті ем қабылдау керектігін айтқан.

Щучинск ауданының білім бөлімінің өкілі Тимурдың 2001 жылдың 11 мамырынан бері ата-ана қамқорынсыз қалғандығы жөнінде өңірлік есепте болғанын, ал Дамирдың 2001 жылдың 13 сәуірінен бастап есепте болғанын айтып берді. Оларды асырап алуға ұсынса да, асырап алғысы келетіндер сол кезде табылмаған. Ал олардың шешелері ата-ана құқығынан бас тартқан. Сонымен қатар, прокурор дереу асырап алу туралы өтініштің қанағаттандырылуы мүмкін екендігін де айтты.  

Құжатқа қарағанда, сот істің мән-жайын тыңдағаннан кейін ҚР "Неке және отбасы туралы" Заңына негізделе отырып, АҚШ азаматтарының өтінішін қанағаттандыру туралы шешім шығарған.

Еске салайық, жұма күні, 26 ақпанда Белфэйр қаласының 51 жастағы тұрғыны Дэвид Кэмпбелл өзінің 49 жастағы әйелі Лана Карлсонды және асырап алғанын ұлдарын атып тастаған болатын. Олар 18 және 16 жастағы Тори мен Куинн. Осыдан кейін ер адам көшеге шығып, өз-өзін атқан. Көршілері жасөспірімдердің бір-бірімен орысша сөйлесетінін, сондықтан да Ресейде асырап алынған деп есептеп келгендіктерін айтып берген.

Кейін олардың Қазақстанда асырап алынғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети