05 шілде 2021 | 12:20

АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері "дельта" штамының ерекшелігін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CNBC © CNBC

АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи NBC телеарнасында "дельта" штамының ерекшеліктерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи NBC телеарнасында "дельта" штамының ерекшеліктерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фаучидің айтуынша, үнді штамы басқа нұсқаларға қарағанда ауыр түрде өтеді. Коронавирустың бұл нұсқасын өлімге әкелетін вирус деп атауға болады. Бұл аурудың ауыр түрде өтуіне, ауруханаға түсуге және кей жағдайларда өлімге әкеледі, деп атап өтті дәрігер америкалық ғалымдар талдаған мәліметке сүйене отырып.

Маманның айтуынша, SARS-CoV-2 вирусының үнді штамы басқа нұсқаларға қарағанда жұқпалы және жеңіл екенін айтты. "Бұл қиындық тудыратыны анық", - деді АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы.

Сонымен қатар, Фаучи соңғы айда АҚШ-та коронавирусқа байланысты өлімнің шамамен 99,2 пайызы вакцина алмаған адамдар арасында тіркелгенін айтты.

"Мінсіз вакцина жоқ. (...) Шын мәнінде өкініштісі қайғылы жағдайдың көпшілігін (өлім. - ескерт.) болдырмауға және алдын алуға болады. (...) Қиын жағдайға тап болған адамдардың басым көпшілігі вакцина алмаған", - деді инфекционист маман.

NBC тілшісінің айтуынша, маусымда АҚШ-та коронавирус салдарынан он мыңға жуық адам қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та 33,7 миллионнан аса COVID-19 жұқтыру дерегі анықталған, 605,5 мыңнан аса адам қайтыс болған. Сонымен қатар, үнді штамы АҚШ-тың барлық 50 штатында табылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети