АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Назарбаевқа қоңырау шалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Назарбаевқа қоңырау шалды

Елбасы Америка Құрама Штаттарының бұрынғы вице-президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Америка Құрама Штаттарының бұрынғы вице-президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар 1994-1999 жылдардағы Қазақстан-Америка саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қатынасын тереңдету жөніндегі Н.Назарбаев-А.Гор бірлескен комиссиясының жемісті қызметін жоғары бағалады. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор Қазақстан мен АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларында күш-жігер біріктіру мүмкіндіктерін талқылады.

Елбасы мен АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде, соның ішінде COVID-19 пандемиясын еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алысты.

Сенім дағдарысына, санкциялық текетірестерге және әлемдік державалар арасындағы бәсекелестіктің жаңа деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті планетадағы өзекті мәселелерге қатысты Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ арасында ауқымды стратегиялық диалог бастау жөніндегі өз бастамасына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Америка тарапы бастамашы болғаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети