05 шілде 2018 | 09:40

"Ақша әрқашан да жетпейді". Шымкенттік зейнеткерлер көтерілген зейнетақыға наразылық білдіріп жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Шымкент тұрғындары жаңа әдіспен есептелген зейнетақы алса да, оған наразылық білдіріп отыр, - деп хабарлайды "Отырар".


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент тұрғындары жаңа әдіспен есептелген зейнетақы алса да, оған наразылық білдіріп отыр, - деп хабарлайды "Отырар".

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық төлемді есептеу әдістемесі өзгерді, ол зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты. Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана беріледі. Өзгеріс жаңадан шыққан зейнеткерлер мен бұрыннан зейнеттегілерге әсер етіп отыр.

Осындай өзгеріс базалық зейнетақыны орта есеппен 1,8 есе ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда зейнетақының орташа мөлшері шамамен - 82 мың теңге. Алайда Шымкент тұрғындары зейнетақы көбейгенін сезбедік дейді. "Ақша әрқашан да жетпейді, менің есептеуім бойынша, он мың теңге қосылу керек болатын, бірақ неге екені белгісіз жеті мың теңге ғана қосылды. Оған да рахмет", - дейді әйел.

"Семейде қызмет еткенмін. Қосымша ақша түспеді. Енді жағдайды анықтау үшін тиісті органдарға баруға тура келеді", - дейді келесі зейнеткер.

Бұдан басқа, 2018 жылы жаңа туылған балаға жәрдемақы мөлшері өзгерді. Осылайша, бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына мемлекеттік біржолғы жәрдемақы 91 390 теңге, төртінші және одан да көп бала туылса 151 515 теңге беріледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети