31 қазан 2023 16:44

“Ақша, әйтпесе жарамын!” Қарағандыда полицейлер жалған хабар берген қызды ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген. City Mall сауда орталығында бомба жасырылған деген жазба облыстық әкімдіктің электрон поштасына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген. City Mall сауда орталығында бомба жасырылған деген жазба облыстық әкімдіктің электрон поштасына түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден аса адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін - 14 жастағы қызды анықтады. Алайда одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені анықталды.

Осыған ұқсас жайт Петропавлда болды. 102 пультіне Dostyq Mall сауда-ойын-сауық орталығында бомба жасырылғаны туралы хабар келіп түсті. Тез арада барлық қажетті шара қабылданды. Сауда орталығына келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды, оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлері келді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кәмелетке толмаған қала тұрғынын анықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес 16 жастағы жасөспірім мас күйде болған. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау"). Тергеу барысында екі жасөспірімнің де заңды өкілдерінің заң аясындағы жауапкершілігі қаралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети