“Ақша жіберіп қоймасаңыз, басқа адам алып қояды“ - ІІМ алаяқтық туралы ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ақша жіберіп қоймасаңыз, басқа адам алып қояды“ - ІІМ алаяқтық туралы ескертті Фото:depositphotos.com

Қазақстанда пәтерді жалға беру сылтауымен жасалатын алаяқтық өршіп тұр. Осыған байланысты ІІМ сақ болуды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда пәтерді жалға беру сылтауымен жасалатын алаяқтық өршіп тұр. Осыған байланысты ІІМ сақ болуды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық деректері жиі кездеседі. Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын "бағасы арзан", "шұғыл жалға беріледі", "иесі қалада жоқ", "төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды" деген ұсыныстардан сақ болған жөн.

ІІМ мәліметінше, алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзiледі, көрсетілген пәтер мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады.

"Мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей ешқашан ақша аудармаңыз. Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети