Бас прокуратура Қазақстанға қанша миллиард теңге және мүлік қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура Қазақстанға қанша миллиард теңге және мүлік қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Бас прокуратура басқа да жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті кешенді шаралар атқарып жатыр. Негізгі мақсат – мұндай активтерді Қазақстан тұрғындарының игілігі үшін заңды айналымға шұғыл тарту. Активтерді қайтару процесі қатаң түрде заңға сәйкес және заңның өлшемшарттарына сәйкес келетін адамдарға ғана қатысты жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан аса және шетелдегі 150-ден аса мүлік нысандары туралы мәліметтерді талдап жатыр. Талдау арқылы тағы 600 миллиард теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталғаны айтылды. 2 триллион теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексеріліп жатыр.
Осы жұмыстың нәтижесінде премьер-министр басшылығымен комиссия 325 миллиард теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талаптарды мақұлдаған, оның ішінде 272 миллиард теңге теңгеріміндегі ақшалай қаражат. Олар маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Сондай-ақ, еліміздегі және шетелдегі құны 50 миллиард теңгеден асатын активтер мемлекетке берілгені айтылды. Олардың ішінде бірқатар стратегиялық кен орындары, монополистік компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс нысандары, қонақүйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқа.
"Бұдан басқа, тізілімнің кейбір субъектілері өз еркімен жалпы құны 30 миллиард теңге болатын жоғары технологиялық инвестжобаларды жүзеге асыруға міндеттеме алды. Олардың ішінде құбырлар, қаптамалар, химиялық, азық-түлік және т.б. өнімдерді шығаратын өндіріс нысандары. Осылайша, кемінде 300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, жылдық салық төлемдері 1 миллиард теңгеден астам болуы тиіс", - делінген хабарламада.
Активтерді қайтару процесінің тағы бір маңызды бөлігі - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. Мәселен, тізілімдегі тұлғалар өз еркімен қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар және басқа да әлеуметтік осал топтар тегін пайдалана алатын, құны 5 миллиард теңгеден асатын заманауи мәдени-ағарту орталығын салуға міндеттеме алды.
Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитетінің мәжбүрлеп қайтару тетіктерін іске асыру шеңберінде көптеген, оның ішінде пайда болуы түсініксіз активтерге қатысты талап қою берілген.
Олардың бірі бойынша 11 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны, сондай-ақ 400 миллион теңге сомасына зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтарды мәжбүрлеп қайтару туралы сот шешімі қабылданып, күшіне енді.
Жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 триллион теңгенің активтері, оның ішінде шетелден 750 миллион АҚШ доллары мемлекетке қайтарылғаны айтылды.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқаны
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!