Мұнай кәсіпорындарында ақша жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Мұнай кәсіпорындарында ақша жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
"ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС-нің ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталған. Бұл ретте олардың құны 400 миллион теңгеге жоғарылатылған.
Жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 миллион теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару деректері белгілі болды.
"Ал, "West Oil Software" ЖШС-де ("ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 миллион теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда негізсіз жалақы есептеу деректері болған", - делінген хабарламада.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру") бойынша 5 соталды тергеп-тексеру басталған. Процестік прокурорлар тағайындалғаны айтылды.
"Соталды тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардың 4 басшы лауазымды тұлғалары ұсталды. Қылмыстық істер облыстық экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде".
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!