Сенатор Сергей Ершов еліміздің премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында акциздердің өсуінен түскен табыс қайда жұмсалатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенатор Сергей Ершов еліміздің премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында акциздердің өсуінен түскен табыс қайда жұмсалатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Акциз мөлшерлемесін көтеруден түсетін салық түсімдері халықтың әлеуметтік осал топтарына нақты бағытталуы тиіс. Сенатор Сергей Ершов премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында осындай пікір білдірді.
Депутаттың айтуынша, кейінгі бірнеше жылда ЕАЭО аясындағы көптеген тауарға қандай да бір мөлшерлеме мен акциздерді үйлестіру барысында акциздік салық салу айтарлықтай өсті.
"Олардың қатарында бензин, дизель отыны, жеңіл автомобильдер, алкоголь және темекі өнімдері бар. Мәселен, бензинге акциз ставкасы 2 еседен астам - 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін, темекіге - 1 000 теңгеден 11 100 теңгеге дейін, яғни 10 еседен аса өсті", - дейді ол.
Сенатор акциздер ұлғайғанда бюджетке салық түсімдері де сол бойынша едәуір ұлғаюы тиіс екенін атап өтті, бұл тиісінше қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатында көрініс тауып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге әсер етуі керек.
"Дегенмен, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының күрт көтерілуінен басқа, акциздік мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты отандастарымыздың материалдық әл-ауқатында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Осы жерде "Акциздердің өсуінен түскен табыс қайда жұмсалады?" деген сұрақ туындайды. Бұл мәселеде салық түсімдерінің осы түрлерін пайдалануда оның кімге арналатыны мен нысаналық сипаты болатыны туралы қағиданы енгізу керек. Бұл осы қаржыны нақты алушыларға, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына және белгіленген бағыттар бойынша бөлуді көздейді. Бұл қазіргі акциздік салық салу жүйесінің қаншалық әділ екенін анықтауға, сондай-ақ оларды қолдану жөн екенін түсінуге мүмкіндік береді", - деді Сергей Ершов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!