“Ақша немесе сурет жібер“: алаяқтар балаларды алдаудың жаңа тәсілін тапқан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ақша немесе сурет жібер“: алаяқтар балаларды алдаудың жаңа тәсілін тапқан Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желі қолданушылары 12 жастағы қыздың интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны туралы оқиғаны қызу талқылап жатыр. Туыстарының айтуынша, алаяқтар баланың телефонын TikTok арқылы бұзып, кейін оны ақша немесе интим суреттер талап етіп бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желі қолданушылары 12 жастағы қыздың интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны туралы оқиғаны қызу талқылап жатыр. Туыстарының айтуынша, алаяқтар баланың телефонын TikTok арқылы бұзып, кейін оны ақша немесе интим суреттер талап етіп бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Қазақстандық қыз Threads-те жазба жариялаған. Оның айтуынша, алаяқтар балаларды әдейі TikTok арқылы нысанаға алады. Олар "ойынды бұзу", бонус алу, жабық функцияларға қолжеткізу сияқты түрлі уәдемен видео таратады. Мұндай видеоларда Telegram-чаттарға апаратын сілтемелер болады.

Ол чаттарда балаларға "ID-доступ" немесе "верификациядан өту" ұсынылады. Алайда іс жүзінде бұл алаяқтарға баланың құрылғысын толық бақылауға мүмкіндік береді.

Автордың айтуынша, дәл осындай тәсілмен оның 12 жастағы сіңілісі зардап шеккен. Алаяқтар құрылғы "бұзылды, жеке деректер біздің қолымызда" деп қорқытып, баланы бопсалай бастаған.

Жазбада көрсетілгендей, телефонды "бұғаттан шығару" үшін қыздан 70 мың рубль (шамамен 450 мың теңге) немесе интим суреттер талап етілген.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде таралып, 600 мыңнан аса қаралым жинаған. Пікір қалдырғандар баланың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ата-аналарды балалармен киберқауіпсіздік туралы жиі сөйлесуге шақырған.

Балалардың құқығын қорғау комитеті не дейді?

Tengri Life Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен пікір сұрады. Ведомство өкілдері бұл – балалар мен жасөспірімдерге бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа әрі қауіпті түрі екенін растады.

Комитеттің мәліметінше, алаяқтар балаларды қызықтыратын ұсыныстары бар видеоларды таратып, олардағы сілтемелер арқылы Telegram-арналарға бағыттайды. Сол жерде "верификация", "ID-доступ" сынды әрекеттерді орындауды сұрайды.

Телефонды бақылауға алғаннан кейін, алаяқтар балаға психологиялық қысым көрсетіп, жеке деректер қолға түсті деп қорқытады және ақша талап етеді.

Аталған жағдай бойынша ақпарат ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданып, бақылауға алынған.

"Анықталған тәуекелдерге байланысты Балалар құқықтарын қорғау комитеті Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаментіне шұғыл түрде хабарласты. Бұл ақпарат қарастырылып, бақыланады", - деді департамент.

Егер баланы бопсалап жүрсе, қайда жүгіну керек?

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті күмәнді контент немесе қорқыту жағдайында шұғыл түрде:

  • e-Otinish порталы арқылы,
  • құқық қорғау органдарына,
  • 111 байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети