Ақшаны жылыстату: Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақшаны жылыстату: Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін мойындады видео кадры

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өткен басты сот отырысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өткен басты сот отырысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиында прокурор айыптау қорытындысын жариялады. Сатыбалдыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)") бойынша айып тағылып отыр.

Айыптау қорытындысы жарияланғаннан кейін судья Бағлан Идирисов Сатыбалдыұлынан тағылған айыпты мойындай ма, сұрады.

"Мойындаймын, құрметті сот. Толық көлімде", - деп жауап берді Қайрат Сатыбалдыұлы.

Сатыбалдыұлы айыптау актісінде көрсетілген сомаларға да келіскен. Сондай-ақ, тергеу барысында алынған айғақтарды даулаудан бас тартты.

Алдын ала сот отырысында, Сатыбалдыұлының қорғаушысы кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасау және заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы өтініш берді. Осыған байланысты сот процессуалдық келісім жасау туралы мәселені шешуге уақыт берді. Сот отырысы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызында Сатыбалдыұлы шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети