05 қазан 2018 | 13:25

Ақшаны талан-таражға салып жүрсіңдер - Назарбаев Сулейменовке

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мынадай қиын заманда бөлініп жатқан әрбір теңгенің максималды қайтарымы болуы керек. Жобалар көрсетіп отырғандай, құрылыс бағасы оның жобалық құжаты дайындалып жатқан кезінда-ақ көтеріліп жатыр. Ол ақшалар алдын ала келісім бойынша біреудің қалтасына түседі", - деді Назарбаев.

Президент Түркістан облысында мектеп құрылысын мысал келтірді. Оның айтуынша, бір ауданда 600 орынға арналған мектеп 600 миллион теңге тұрады. Дәл осы ауданда орналасқан екінші бір сондай мектеп 200 миллион  теңге тұрады. 

"Үкімет 28 мектепке ақша бөледі. Неліктен әкім мектептерге талаптарын қояды? Ал Ұлттық экономика министрлігі бұл жайлы білмейді. Мектеп құрылысына араласқан жоқ. Оның қай жақта екенін де білмейді. Сен қай жаққа ақшаның жетпей жатқаны білуің тиіс. Үш ауысыммен жұмыс істеп жүргендерге ақша бермейсің, оны керісінше ақшасы артылып жатқан нысанға бересің. Мұны қалай түсінуге болады, мен әр министр үшін өзім жұмыс істеуім керек пе?", - деді Назарбаев Сүлейменовке.

"Сен экономика министрісің. Бұл дегеніміз сен ақшаны үнемдеуің керек деген сөз. Ал сендер ақшаны талан-таражға салып жүрсіңдер, ақшаны үнемдеп жүрген жоқсыңдар. Кейде кейбір бюджет қаражаттарына қарап таңғаламын. Жыл соңына дейін игерілмеген миллиардтаған ақшалар қалып жатыр. Сосын келесі жылы көбірек ақша алу үшін былтырғы ақшаны қараша мен желтоқсан айында барынша жаратасыңдар", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети