Ақсу қаласында полицейлер әйел мен екі жас баланы өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақсу қаласында полицейлер әйел мен екі жас баланы өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдікпен ер адамды ізін суытпай ұстады. Заттай айғақтар мен қылмыс құралы тәркіленді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полицейлердің мәліметінше, ұсталған адам марқұммен таныс болған.
"Күдіктінің әйелмен таныс болғаны анықталды. 11.07.2021 жылы түнгі сағат 03.00 шамасында олардың арасында жанжал болды, оның барысында 36 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше пышақ жарақатын салды. Жанжал кезінде шудан балалар оянып кеткен, күдікті оларды да бірнеше рет пышақтаған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Күдікті Ақсу уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Сотқа дейінгі тергеу 2 бап бойынша жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 99 - бабының 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабының 3-бөлігі бойынша. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден тұратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды", - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, қаза тапқан әйел мен 5 және 7 жасар екі баланың мәйіті Ақсу қаласындағы үйлердің бірінің пәтерінен табылған болатын. Оқиға туралы хабарлама полицияға 12 шілдеде түстен кейінгі уақытта түскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!