Ақсудағы зауытта екі адам күйік алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсудағы зауытта екі адам күйік алды Фото: instagram.com/aksu.ermak

Ақсу ферроқорытпа зауытының екі қызметкері термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсу ферроқорытпа зауытының екі қызметкері термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зауыттың баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 24 мамырда болған.

"Жұмыс жүргізу кезінде екі кран машинисі термиялық күйік алды. Зардап шеккен қызметкерлердің бірі
Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, екіншісі тексеруден кейін үйіне жіберілді. Оқиға туралы Мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды", - деп түсіндірді Ақсу ферроқорытпа зауытында.

Компания қызметкерлерге қажетті көмек көрсетеді. Зардап шеккен қызметкердің жағдайы, зауытта не болғаны және жұмысшылар неге жарақат алғаны туралы әлі хабарланған жоқ.

View this post on Instagram

A post shared by Аксу (@aksu.ermak)

Ал әлеуметтік желіде өндіріс орнында қара қалың түтін көрінетін фотосурет пайда болды. Зауыт аумағында өрт шыққан болуы мүмкін деп болжанып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети