Ақтау үкімі жемқорлыққа қарсы қызметтің кәсіби деңгейінің төмен екенін көрсететін болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров өз қарамағындағыларға осындай нұсқау берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жемқорлыққа қарсы қызметтің офицер мырзалары! Келесі жылдан бастап, біздің жаңа құқықтық жағдайда жұмыс істеуді бастайтынымызды әсте естен шығармаған жөн. Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, тергеуалды тексеру және қосымша тергеу институттары алып тасталады. Сот шығарған әрбір ақтау үкімі сіз бен біздің кәсіпқойлығымыздың төмен деңгейде екенін көрсететін болады. Біз азаматтарымыздың құқығын қорғауға кепіл бола отырып, қабылданатын процессуалдық шешімдердің мінсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз", - деді Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен бірінші кеңейтілген кеңесте.
Ол агенттіктің шешуші міндеті мемлекеттік қызметкерлердің халыққа адам әрі мінсіз қызмет етуінің құндылықтарын насихаттау мен бекіту екенін атап өтті. Қожамжаров мемлекеттік орган басшыларын Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуде агенттік пен оның қызметкерлерін өздерінің сенімді әріптесі санауға шақырды.