Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін әжетханаларға 87 миллион ​​теңге жұмсаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін әжетханаларға 87 миллион ​​теңге жұмсаған Фото:gov.kz

Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін дәретханаларға 87 миллион ​​теңге жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін дәретханаларға 87 миллион ​​теңге жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Ақтау қаласының әкімдігі қалалық жағалауда 5 қоғамдық әжетхана орнатқаны белгілі болды. Бірақ тұрғындар әжетханаларды пайдалана алмаған.

"Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін екі күн өткен соң жеткізушіге 87 миллион теңге көлемінде толық соманы аударған", - делінген хабарламада.

Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

"Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша заңбұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети