Ақтау әуежайын қоршауға алу: жаңа мәлімет пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әуежайын қоршауға алу: жаңа мәлімет пайда болды Видеодан алынған

Көліктегі полиция департаменті Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын шұғыл қоршауға алу туралы ресми мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктегі полиция департаменті Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын шұғыл қоршауға алу туралы ресми мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 сәуірде сағат 21.00-де патрульдік-күзет қызметінің полицейлері Ақтау әуежайының вокзал маңындағы алаңында қоқыс контейнерінен күмән тудыратын сөмке тапқан. Осыдан кейін полиция әуежайдың іргелес аумағын қоршауға алған.

"Жедел әрекет ету қызметтеріне хабарланды. Әуежай ғимаратынан 350-400 адам эвакуацияланды. Арнайы мамандар сөмкені тексеріп, қауіпті және тыйым салынған зат тапқан жоқ. Полиция сөмкенің иесі Ақтау-Шымкент бағытындағы рейстің 21 жастағы жолаушысы екенін анықтады", - деді Көліктегі полиция департаменті өкілдері.

Сауалнама барысында жолаушы рейске тіркелу кезінде оның жүгі салмақ шегінен асқанын білген. Ол қаражаты болмағандықтан жұмыс киімін бір сөмкеге салып, қалғанын терминал маңындағы қоқыс жәшігіне тастаған. Жағдайға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 5 сәуірде кешке Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын полиция қоршауға алған еді. Бұл туралы куәгерлер түрлі ақпарат таратқан. Кейбірі Шымкенттен келген FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында коронавирус жұқтырған адам болғанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети