Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды видео кадры

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімі бойынша, Ақтау сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 миллион теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети