Ақтау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады Фото: Instagram

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев тұрғындардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев тұрғындардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Каспий жылу, су арнасы" МКК мәліметінше, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында апаттық жағдай орын алып, жылу беру уақытша шектелген болатын. Қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралдық 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда", - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimdigi)

Қала әкімі видеода ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.18  course down  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети