Ақтау маңында серуендеп жүрген арыстанның видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау маңында серуендеп жүрген арыстанның видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жігіттер, арыстан жүр, абай болыңдар. Қызық, әрине. Бірақ абай болыңдар", - дейді видео авторы.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 25 маусымда болған.

"Шамамен сағат 05:30-да 102 кезекші пультіне Ақшұқыр ауылында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақыртуға Департамент басшылығы, полиция департаментінің ӨМБ табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Кейін арыстанды ұстапты. Ол аман-сау. Қазіргі уақытта оның қайдан пайда болғаны анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети