Кеше | 09:11

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақтау маңында Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Фото: ТЖМ Ақтау маңында Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Фото: ТЖМ

Әзербайжанда Ақтау түбінде құлаған Azerbaijan Airlines ұшағында аман қалғандарды құтқаруға қатысқан қазақстандық құтқарушылар марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әзербайжан ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжанда Ақтау түбінде құлаған Azerbaijan Airlines ұшағында аман қалғандарды құтқаруға қатысқан қазақстандық құтқарушылар марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әзербайжан ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

Тиісті бұйрыққа Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров қол қойған.

Министрдің бұйрығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің келесі қызметкерлері "Ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен марапатталды:

  • Сейталин Азамат Серікұлы;
  • Аминов Тимур Владимирович;
  • Айдаров Қани Манапұлы;
  • Қараев Саясат Мұсаұлы;
  • Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы;
  • Құлханов Азымбек Шындәулетұлы;
  • Күзембаев Ербол Ахметұлы;
  • Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
  • Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
  • Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Баку – Грозный бағытындағы ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырауы

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының AHY8243 рейсімен Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ Баку әуежайынан Астана уақыты бойынша 08:49-да жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшып шыққан. Грозныйда қалың тұман болғандықтан, ұшақ алдымен Махачқалаға, кейін Ақтауға бағытталады. Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда, экипаж "төтенше жағдай" сигналын (squawk 7700) берді. Ұшқыштар шұғыл қонуға рұқсат сұрап, әуежай ұшақты қабылдауға дайындалған. Алайда 11:30-да ұшақ әуежайдан 3 шақырым қашықтыққа құлады.

Оқиғаның ресми себебі әлі белгісіз. БАҚ-та түрлі болжамдар айтылып жатыр, соның ішінде ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кетуі немесе салонында оттегі баллонының жарылуы ықтимал екені туралы деректер бар. Қара жәшік сол күні кешке табылды, енді мамандар оның деректерін ашуға кіріседі.

Тергеу

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Бас прокуратурасының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативті топ құрылды. Оның құрамына көлік прокуратурасы, ІІМ және ТЖМ мамандары кірді. Тергеу Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Embraer компаниясының мамандары Қазақстанға ұшып келді.

Ұшақта қанша жолаушы болған

Қазақстан ТЖМ мәліметі бойынша, ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған:

  • 42 Әзербайжан азаматы;
  • 16 Ресей азаматы;
  • 6 Қазақстан азаматы;
  • 3 Қырғызстан азаматы.

Тірі қалғандардың арасында Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Біздің мәліметіміз бойынша, осы уақытқа дейін апаттан 29 адам аман қалды, бірақ кейбіреулерінің жағдайы ауыр. Қазақстандықтардың арасында тірі қалғандар жоқ.

Қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі:

  • Төлесінов Сәндібек Екибайұлы, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
  • Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
  • Махсұдова Галина Растамбекқызы, 12.01.1978 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған.
  • Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.
  • Жұмағат Эльдар (Гаухар Шаймерденованың ұлы), 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласында тұрған.
  • Жутаева Сәлима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағанды қаласында тұрған.

26 желтоқсанда таңертең тоғыз жараланған Ресей азаматы Мәскеуге жеткізілді. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтарын да отандарына жеткізу жоспарланған. Тірі қалған экипаж мүшелерінің арасында бортсеріктер Айдан Рагимли мен Зульфугар Асадов бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer