Ақтау мен Атырау тұрғындарын аспаннан көрінген нысан шошытты

27 Қыркүйек 2017, 10:14
0
Ақтау мен Атырау тұрғындарын аспаннан көрінген нысан шошытты - Куәгер жолдаған сурет
Куәгер жолдаған сурет

26 қыркүйекте кешкі уақытта Ақтау, Атырау, Қостанай және Қазақстанның тағы басқа өңірлерінің тұрғындары аспанда жанып тұрған объектіні байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау тұрғындарының айтуынша, бұл құбылыс зымыранның ұшырылуына ұқсайды. "Түнде қалада кетіп бара жаттық. Аспанда жанып тұрған бірдеңені көрдік, алдын-ала болжам бойынша Астрахан жақтан. Видеоға түсіріп алды. Мұндайды біз жиі көреміз. Ресейдің баллистикалық зымыраны ұшырылған шығар деп ойлады. Капустин Яр полигонындағы сынақтар болуы мүмкін", - дейді ер адам.

Ал Атыраудағы куәгер бұл нысанды жергілікті уақыт бойынша сағат 20.29-да байқағанын айтады. "Ұшаққа да, зымыранға да ұқсамайды. Аспанда біреу шаммен жүрген сияқты. Бір жағынан оған қарап тұру қорқынышты болды", - дейді куәгер.

Ал мынау фото мен видеоларды alau.kz редакциясына Затобольск пен Атбасар (Қостанай облысы) тұрғындары жолдады. "Адамдарды аспандағы бір түрлі жарқыл таңғалдырды. Тұрғындар осы туралы әлеуметтік желілерде жазып жатыр. Біреулері метеорит десе, тағы біреулері беймәлім ұшқыш нысан деп жазып жатыр", - дейді басылым.

Бұл құбылыс расында да ресейлік зымыран ұшырылған соң пайда болды. РИА Новости сейсенбіде кешкі уақытта Астрахан облысындағы "Капустин Яр" полигонынан "Тополь" құрлықаралық-баллистикалық зымыранының сынақ түрінде ұшырылғанын хабарлаған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай