Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаладағы шенеуніктердің табыстары туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаладағы шенеуніктердің табыстары туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өзіңнен баста" акциясының аясында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев 2015 жылы 3 088 331 теңге табыс тапқан. Сонымен қатар, оның меншігінде 2012 жылғы LADA Priora маркалы автокөлік, "КазТрансОйлдың" 130 дана жай акциясы және Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1 035 000 теңге жинағы бар екені айтылады.
Берік Ізғалиев
Ал Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Бисенғали Кенжалиевтің 2015 жылы жылдық табысы 3 121 738 теңге болған, оның меншігінде 2007 жылғы Lexus GS-350 маркалы автокөлік бар.
Бисенғали Кенжалиев
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Көшмағанбетов болса былтыр 1 990 599 теңге табыс тауыпты. Шенеуніктің меншігінде 4 бөлмелі пәтер және 1998 жылғы Honda маркалы автокөлік бар екен.
Тілек Көшмағанбетов
Әкімнің тағы бір орынбасары Нұрлыбай Аққұлов болса екі есе табыс тауыпты. Оның былтырғы табысы 3 216 206 теңгені құраған. Оның пәтері мен Toyota Pradо маркалы автокөлігі бар екен.
Нұрлыбай Аққұлов
Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевтың жылдық табысы - 2 064 881 теңге, оның меншігінде ештеңе жоқ.
Қайрат Ақыбаев
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев 2015 жылы 2 949 780 теңге табыс тапқан. Меншігінде 2007 жылғы Nissan көлігі бар.
Жетібай Құбашев
Сонымен қатар, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Ерғожа Туретаевтың жылдық табысы 2 348 346 теңге екені хабарланды. Меншігінде ештеңе жоқ.
Ерғожа Туретаев